Біржан Нұрымбетовтың ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалуына орай ҚР Кəсіподақтар федерациясы төрағасының құттықтауы

Құрметті Біржан Бидайбекұлы!

Cізді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз көп жылғы еңбек жолыңызды толығымен ел мүддесі мен еңбек адамының игілігіне арнап келесіз. Салық инспекциясында еңбек жолыңызды бастап, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі лауазымдарында адал да абыройлы қызмет атқардыңыз.

2017 жылдан бастап кәсіподақ жүйесінде жемісті еңбек етіп келесіз. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде үлкен істердің ұйытқысы, тәжірибелі ұйымдастырушы, білікті басшы ретінде танылдыңыз.

Бір кезде әлеуметтік-еңбек саласын таңдау арқылы Сіз бүгінге дейін азаматтарымыздың құқығын қорғауда баға жетпес еңбек сіңіріп келесіз. Осы уақыт ішінде өзіңіздің ерекше жауапкершілік қасиетіңіздің жəне жоғары ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында қарапайым еңбек адамының шынайы қамқоршысы бола білдіңіз.

Бұдан былай Еңбек министрлігіндегі жаңа жоғары лауазымда ҚР Кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік әріптесі ретінде Еңбек адамдарының мүддесі мен ел игілігі жолында бірлесе жұмыс атқарып, үлкен істерді сәтті жүзеге асыратынымызға сенімдімін.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбегіңізге толайым табыс, отбасыңызға амандық-саулық тілеймін!

 

Құрметпен,

Бақытжан Əбдірайым

ҚР Кəсіподақтар федерациясының төрағасы