КӘСІПОДАҚ ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА

30 тамыз – Қазақстан республикасы Конституция күні қарсаңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде кәсіподақ төрағаларына жүктеліп отырған мәселелер мен мемлекеттік банк мекемелері және қызмет көрсету мекемелерінің жай-күйі әңгіме өзегіне айналды. Кәсіподақ ұйымының бірінші мақсаты – еңбек адамдарының алаңсыз, қауіп-қатерсіз жайлы жұмыс орнында жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Осы жағдайларға байланысты біраз мәселелерді қамтыған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов барлық қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтап өтті. Бұдан соң мемлекеттік банк мекемелері кәсіподағы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Шырынбек Ешанқұлов кәсіподақтар федерациясының шешімдерінің орындалу барысы туралы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Есеп барысында кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бойынша кеңестер өткізу бекітілді.

Сонымен қатар мекемелер мен азаматтардың арасында алтын көпір болу керектігі де айтылды. Жиын соңында бірқатар азаматтарға төсбелгілер мен мақтау қағаздары табысталды.