Облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

 

Ағымдағы жылдың 27 тамызында өткен  Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің  кезекті отырысына облыстық Кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Жаулин Киікбай Мыңбайұлы қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде  өңірде кәсіпкерлікті дамыту, жаңа кәсіпорындарын ашу, жұмыссыздықтың алдын алу және азайту бағытында жасалған облыс әкімі орынбасарының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, облыстағы қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру мен полиция жұмыстары және өңірдегі жастарды, жас отбасыларды қолдау мәселелері тыңдалды.

Аймақта жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4 %-ға артқан.

Бүгінгі күнде өңірде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламалар іске асырылып, нәтижесінде бірнеше жаңа жұмыс орындары ашылды деп мәлімдеді облыс басшысының бірінші орынбасары А.Краубаев.  Ал, өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар туралы Полиция департаментінің бастығы К.Таймерденов мәлім етті. Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындар мен  көшеде орын алған қылмыстар бірнеше есеге төмендеген.

Баяндама соңында облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы К.Жаулин өңірдегі өзекті мәселерге қатысты көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірімен бөлісті.  Сонымен қатар, алқалы жиында жастарды және жас отбасыларды қолдау, әлеуметтік бірнеше мәселелер сөз етілді.