Өз ісінің үздіктері марапатталды

“Ембімұнайгаз” АҚ-да Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай Орталық басқару аппаратының 60-қа жуық ардагері мен компанияның – бұрынғы басшыларын ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төсбелгісімен марапаттау шарасы өтті.

Бұл шараға құрметті қонақ ретінде Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов қатысты. Шара барысында “Ембімұнайгаз” АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков компаниядағы атқарылған қызметтер туралы баяндап, бүгінгі тынысымен таныстырды. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.