ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның Білім күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар мен білім беру жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке оқу процесінің барлық қатысушылары үшін ең маңызды және қуанышты күн болары анық.
Жастарымыздың сапалы білімі мен саналы тәрбиесі – бұл еліміздің жарқын болашағының айқын дәлелі. Мемлекет үшін білім мен ғылымды дамыту аса маңызды.
Жаңа оқу жылы барлық білім беру қызметкерлері үшін толағай табыстар мен жетістіктерге толы болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен қуанышты күндер тілеймін! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!

 

Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы
Бақытжан Әбдірайым