Кәсіподақтар маңызды мәселелерді талдады

“Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңеске ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Е. Егембердиев, әлеуметтік әріптестер, салалық кәсіподақтар төрағалары мен төрайымдары, кәсіподақ белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Кәсіподақтар федерациясын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асырылуы қаралды. Отырыста Жолдауды іске асыру мүмкіндіктерімен мекемелердегі еңбек ұжымдарын кәсіподақ қозғалысына тарту, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, жұмыс жасап жатқан кәсіптік одақтардың қызметтерін ретке келтіру, кәсіподақтарға сенімділікті арттыру, өзіндік имиджді қалыптастыру, БАҚ-тармен жұмыс, әлеуметтік желілер арқылы жұмысты таныту, түрлі шаралар арқылы беделді көтеру, әлеуметтік әріптестермен меморандумдарға отыру, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бойынша комиссияларда кәсіподақтарды таныту бойынша атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ шара аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалымен “Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» Меморандумға отырды.

Меморандум бойынша кәсіподақ белсенділері басқару менеджментіне сәйкес өздерінің біліктілігін, білімдерін кәсіби түрде аталған оқу орнынан жоғарлататын болады.