КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысын Кеңес төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы жүргізіп отырды.

Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков, сондай-ақ кеңес мүшелері, салалық кәсіподақтар қоғамдық бірлестіктерінің, филиалдарының, жергілікті кәсіподақтар мен салалардағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, «Келешек» жастар кеңесінің төрағалары, медиация және татуласу орталығының қызметкерлері қатысты. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жаңғыру жол картасын жүзеге асыру барысы туралы мәселелер бойынша Бекжанов Берік Айдарбекұлы баяндама жасады. Жиын қатысушылары Мемлекет басшысының жолдауына бірауыздан қолдау көрсетіп, оны алдағы кезде жүзеге асыру жұмыстарына белсене қатысатындықтарын білдірді.

Сондай-ақ, кеңес отырысында Кәсіподақтар күні мерекесін атап өтудің айлық іс-шара жоспары бекітіліп, Кәсіподақтар күні және Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында кәсіподақ белсенділерін марапаттау бойынша салалық кәсіподақтардан келіп түскен ұсыныстар қаралып, еселі еңбегіне қарай наградаларға ұсыну туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жарыссөздерге Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов, «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС цехтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ажбаев Ойтуған Абылайұлы және Шымкент қаласы полиция департаменті азаматтық қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бекбауова Дина Жақыпқызы шығып, ұтымды ұсыныстар жасады.