Сатыбалды Дәулеталин “Жаңақорған” шипажайының еңбек ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Телағысұлы Даулеталиннің Қызылорда облысындағы іссапары Жаңақорған ауданында жалғасты.

С.Даулеталин және Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы С.Сермағамбетов Жаңақорған шипажайының еңбек ұжымымен кездесіп, шипажайдың қызмет көрсету сапасымен танысты. ​ Кездесу барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына 2019 жылғы 2 қыркүйекте жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауы міндеттемелері мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жаңғыру жол картасын жүзеге асыру барысы туралы мағлұмат берілді. ​ Шипажай қызметкерлері Мемлекет басшысының жолдауына бірауыздан қолдау жасап, алдағы уақытта оның ​ жүзеге асырылуына зор үміттерін білдірді. ​

С.Даулеталиннің ақпаратында Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыру жол картасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсаттар, оны әлеуметтік әріптестермен бірлесе жүзеге асыру мәселелері кеңінен​ талданды. Кәсіподақтардың құқықтық негізгі құралы Ұжымдық шарт мәселесі, «Жаңақорған» шипажайындағы еңбек-әлеуметтік жағдайларды жоғарғы дәрежеде қарастырған үлгілі Ұжымдық шарт талаптары туралы тарқатылып айтылды. Кәсіподақтар атынан шипажай басшылығына, кәсіподақ ұйымына,оның мүшелеріне әлеуметтік әріптестіктің үлгілі сипатын ұстанған келісімді жұмыстары үшін алғыс білдірілді.

Кездесу соңында С.Даулеталин бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақтар жүйесіндегі белсенділіктері үшін Кәсіподақтар Федерациясының марапаттарын табыстады. Жаңақорған шипажайындағы еңбек ұжымымен кездесуден соң С.Даулеталин ​ Жаңақорған ауданы әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлымен кездесіп, ​ ауданда еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту барысын талқылады.