ҚАҚПА ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков пен “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов Арыстағы қақпаеның құрылысымен танысты.

Қала қақпасының маңызы қашан да зор. “Қақпасына қарап, қаласын таны” деген сөз бар халықта. Кәсіподақтардың қолға алуымен салынып жатқан сәулетті нысанның құрылысы жуырда аяқталып, ел игілігіне беріледі. Қазір мұнда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Нысан қаланың шырайын арттырып, кескін-келбетін айқындай түспек.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков пен “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов құрылыс қарқынын бағамдап, нысанның сапалы салынуын қадағалады. Жарылыстан зардап шеккен қаланы қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары қатысты. Кәсіподақтықтар бұл игі шарадан тыс қалмай, архитектуралық құрылыстардың бой көтеруіне өзіндік үлес қосты.