Мәдениет саласы қызметкерлерін қолдау Жамбыл обылстық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Кеңесі өтті

Мәдениет саласы қызметкерлерін қолдау 6 қыркүйек күні Жамбыл обылстық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Кеңесі өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту бойынша Жол картасын жүзеге асырудың қорытындысы, ҚР Кәсіподақтар күні мерекесін өткізу және облыстық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының кезекті есеп беру және сайлау Конференциясын өткізу мәселелері талқыланды.
Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша осы салалық кәсіподақ ұйымының Кеңесіне қатысып отырған 60 аса бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілеріне Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігнің төрағасы М. Төлепберген ҚР Президенті Қ Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қатысушыларға кеңінен таныстырып, әсіресе Мәдениет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің табысын көтерудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар Федерациясын жаңғыртудың «Жол картасын» іс асыру бағытында атқарылған жұмыстар жайлы айтып өтті. Отырыс барысында Жамбыл обылстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Ж. Алшынбаева Жолдаудың әлеуметтік маңызды, сала қызметкерлері үшін ұтымды бағыттарына тоқталып, кәсіби мереке Кәсіподақтар күнін ұйымдастырып өткізу бойынша ұсыныстар айтып, қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Кеңес отырысының қорытындысында Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының кезекті есеп беру және сайлау Конференциясы үстіміздегі жылдың қазан айында өткізілетін болып, оның күн тәртібі бекітілді.