Федерация төрағасының орынбасары С.Даулеталин үздік мамандарды құттықтады

Қызылорда облысына іс-сапар барысында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасының орынбасары Сатыбалды Даулеталин «ҚазГер Мұнай» біріккен кәсіпорны серіктестігі жұмыскерлерімен кездесіп, сала үздіктеріне алғыс білдіріп, жеңістерімен құттықтады.

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Ресей елі, Альметьевск қаласында өткен ​ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының арасында жұмысшы мамандардардың кәсіби шеберлігі бойынша «Үздік маман-2019» байқауына қатысқан Қызылордалық мұнайшылар топ жарып, байқауда жүлдегер атанған болатын. ​

Компьютерлік тестілеу және өндірістік нысандарда​ болатын практикалық тапсырмаларды орындау кезеңдерінен тұрған байқау мәресінде сыр бойының «ҚазГерМұнай» компаниясы жұмыскерлері өз біліктіліктері мен білімдерін жоғарғы дәрежеде көрсетті.

Жұмыскерлерді жетістіктерімен құттықтау сөзінде Сатыбалды Даулеталин біліктілікті арттыруға ынталандыратын мұндай байқаулар жұмыскерлердің корпоративтік рухын көтеріп, одан әрі де тиімді жұмыс жасауға белсенділігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерінің мерейін арттыру бағытындағы компания басшылығының, кәсіподақ ұйымының жұмыстарына ризашылығын білдірді.