Әлеуметтік бірлік ел әлеуетін арттырады

.Бүгін Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген Жуалы ауданы активімен кездесіп,ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мән-маңызы туралы әңгіме өткізді.Халық пен билік арасында сындарлы диалог құра отырып,ел дамуының жаңа биігіне көтерілу мақсат-міндеттері сараланды.Өнімді еңбек,адал жауапкершілік және мемлекеттік ұстанымның құндылықтары сөз болды.Кәсіподақ ұйымдарының белсенді қызметі де тартымды ойқомуға негіз болды.Кездесуде аудан әкімі Н.Әбілқасымұлы,мұғалімдер мен кәсіпкерлер өз ойларын ортаға салды,Жолдаудың тарихи мәніне ерекше ден қойды.Жиынға бастауыш кәсіподақұйымдарының төрағалары да қатысты.