Еңбек дауларының алдын-алу мәселесі талқыланды

қыркүйек күні «Қазақстандық салалық білім жәнге ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ заңгері Гүлжанат Курмангазиева және Орал қаласының №2 сотының судьялары бірігіп БҚО еңбек инспекциясы өкілдерінің қатысуымен №42 «Ақ ниет» гимназиясы ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Орал қаласының №2 сотының судьялары Алтын Айтуарова және Сәкен Нахипов, «Қазақстандық салалық білім жәнге ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ заңгері Гүлжанат Курмангазиева және БҚО еңбек инспекциясы өкілі қатысып, еңбек дауларының алдын-алуға қатысты мәселелер талқыға салынып, еңбек дауларын шешу тәртібі мен жолдары, дауларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі, мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, ҚР еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жету әдіс-тәсілдеріне үйрету мақсатында келісу комиссиясының мүшелерін жыл сайын  оқыту міндеттілігі туралы да айтылды. Еңбек дауларының алдын-алу және екі тарапқа да тиімді шешу мақсатында сотқа жүгінбестен бұрын кәсіподақ өкілдерінен кеңес алу туралы ақпарат берілді. Қатысушылар кездесу барысында аталған мәселелерге аса қызығушылықпен сұрақтар қойып, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап ала алды, пікір алмасты.