ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2019 жылдың 10 қыркүйегінде Елордалық кәсіподақтар орталығы Нұр-Сұлтан қаласының Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысының өткізді.2019 жылдың 10 қыркүйегінде Елордалық кәсіподақтар орталығы Нұр-Сұлтан қаласының Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысының өткізді.

Бұл жиынның күн тәртібінде келесі сұрақтар талқыланды:

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы

2. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жаңғырту Жол картасының орындалу барысы туралы

3. Әр түрлі мәселелер

Соңғы аптаның ішінде елімізде күрделі де маңызды саяси жаңалықтар болуда.  Оған басты себеп – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің біріккен отырысында жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Қазіргі кезде жер – жерлерде осы саяси маңызы бар құжаты талқылау мен түсіндірмелік жұмыстары жүргізілуде. Аталған жиынның мақсаттарының бірі – осы Жолдауды талқылап, халыққа дұрыс жеткізу болып табылады.       Президенттің биылғы халқына жолдауы негізгі 5 тараудан тұрады.

– ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ;

– АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ;- ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА;

– ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ;

– ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ.

Оған қоса, аталған жиналыста Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жаңғырту Жол картасының орындалу барысы туралы да әнгіме қозғалды.Басқа да отырыс сұрақтарының ішінде Салауатты адамдардың  денсаулығын сақтау және нығайту заманауи денсаулық сақтау жүйесінің өзекті бағыты болып отыр. Осыған орай, елімізде Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының жанынан «Қазақстандық спорттық-сауықтыру кәсіподақтар қоғамы» қоғамдық бірлестік құрылған еді.