Есеп беру-қайта сайлау конференциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 9-шы қыркүйегінде “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” Қоғамдық Бірлестігі Атырау облыстық филиалы VI-шы есеп беру-сайлау конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына Кеңес мүшелері, әлеуметтік әріптестер және салалық кәсіподақтың төрайымы С.Иманқұлова қатысты.

Облыстық кәсіодақ белсенділері алдында сөйлеген сөзінде ол, кәсіподақтың тиімді жетістіктеріне баса назар аударды. Бұл – республикалық және аймақтық деңгейдегі саладағы қызметкерлердің еңбекақысын, жеңілдетілген зейнетақыны ұлғайту және оларға еңбек қауіпсіздік жағдайларын туғызу.

Атырау облыстық филиалының және оның төраймы Г.Шайхашеваның соңғы 4 жылда атқарған жұмысына жоғары баға берген С. Иманқұлова әріптестеріне салалық кәсіподаққа сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.Өз кезегінде конференция делегаттары, кітапханалар, архивтер, мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлері атынан Салалық кәсіподаққа және филиалға әр түрлі мәселерді шешуде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын зор ықыласпен қабылдаған салалық кәсіподақ мүшелері, алдағы уақытта оң дамуға және саланың өзекті мәселелерін шешуге зор қадам болады деп үміттенетіндерін айтты.

Атырау облысының әлеуметтік әріптестері мен кәсіподақтар мүшелері тарапынан жұмыс нәтижесі жоғары бағаланған филиал төрайымы Г.Шайхашеваның баяндамасында өңірлік деңгейдегі осы маңызды мәселелердің барлығы атап өтілді.Тексеру комиссиясының және делегаттардың баяндамалырының нәтижелері бойынша облыстық филиалдың жұмысы қанағаттандырарлық деп табылды.Барлық қатысушылар бірауыздан Г.Шайхашеваның Атырау облыстық филиалының төрайымы лауазымына жаңа мерзімге қайта сайлануына дауыс берді. Оның білікті көшбасшы ретінде, аймақтық және республикалық деңгейде саланың дамуына ықпал ететіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, облыстық филиал Кеңесінің, тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.”Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкелерінің кәсіптік одағы” Қоғамдық Бірлестігінің VII сьезіне делегаттар сайланды.

Конференция соңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі мен салалық кәсіподақтың бірлескен Құрмет грамоталары тапсырылды.