Салалық кәсіподақ төрағасы Атырау облысына іс-сапармен барды

Атырау облысына іс-сапармен келген “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлова және Атырау облыстық филиалының төраймы Г.Шайхашева әлеуметтік әріптестер, Облыстық спорт және денешынықтыру басқарма басшысы Р.Ибрагимовпен және қалалық спорт бөлімінің басшысы Н.Ахмедьяровпен кездесті.

Кездесудің жалғасы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхасының басшысы С.Ізмұхамбетова және еңбек ұжымымен өтті. Бұл бас қосу барысында сала қызметкерлері зор ризашылықпен қабылдаған саладағы жылдар бойы қордаланған кейбір мәселелерді шешу бағытын айқындайтын құжат –  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы туралы ой қозғалды.

Сонымен қатар, олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Р.Шариповпен кездесіп, саладағы жетістіктер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Келесі кезекте Ө.Жанбала басшылық жасап отырған Ұлттық спорт клубына бас сұғып, ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген мамандармен кездесіп, облыста ағымдағы жылдың 5 қазанында өтетін “Дарабоз” сайысына дайындықтарына куә болды.