Ақтөбеде Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтіп, шараға облыс әкімі О.Оразалин және Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов қатысты.

«Тәуелсіздік алған жылдардан бастап дамыған елдердің қатарына қосылған Қазақстанның басты байлығын халық игілігіне айналдыруда, аянбай еңбек етіп жатқан қызметтеріңіз әрқашан құрметке лайық.

 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»,Ақтөбе өңірінің мұнай-газ саласындағы ірі өкілі әлеуеттік жауапты компаниясы. Жылына 4 млн тонна мұнай, 6 млрд текше метр газ өндіреді -деді аймақ басшысы.

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов кәсіпорын жұмысшыларына жылы лебіздерін білдіріп, 50 азаматқа алғыс хат табыс етті.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.