БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ҚР КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы 2019 жылғы 19 қыркүйек күні ҚР Кәсіподақтары күні мейрамы қарсаңында Сырым ауданына іс-сапарға шығып, аудандық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, аудандық мекеме, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Жиында «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» БҚО филиалының төрағасы С.Сүлеймен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына кеңінентаныстырып, басымдық берілген негізгі бағыттарына тоқталды. 

Сонымен қатар облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы қазіргі уақыттағы кәсіподақтың маңыздылығы, кәсіподақтарды жаңғырту Жол картасының негізгі бағыттары, алдағы жоспарлары туралы бөлісіп, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Жиын барысында Сырым аудандық мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Шалабаев кәсіподақ комитетінің жұмысы жөнінде баяндады.

Жиналыс соңында облыс кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақ мүшелерін келе жатқан Қазақстан Кәсіподақтары күні мейрамымен құттықтап, бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ белсенділеріне Құрмет грамоталарын табыстап, еңбектеріне табыс, жақсы жетістіктер тіледі.