«Жастар – кәсіподақ мекені» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының ҚР Кәсіподақтар күні мерекесі аясында бекітілген жоспарына сәйкес мерекелік шаралары басталды.

2019 жылдың 18 қыркүйегі күні ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ Жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар – кәсіподақ мекені» атты дөңгелек үстел өтті.

Жастар Кеңесі төрағасының орынбасары Асхат Байгудеев Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының 2017-2020 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті. ҚР Кәсіподақтар Федерациясы өз қызметінде кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыруға бағытталған жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады. Жастар кеңестері өз кезегінде кәсіподақтардың негізгі қағидаттары – ашықтық, жауапкершілік, есептілік пен тиімділікті басшылыққа алады. Бүгінгі таңда мықты жастар құрамынсыз кадрлық саясатты жетілдіру және кадрлар резервін қалыптастыру мүмкін емес. Кәсіподақ қатарын жасартуға, кадрлар резервін құрып, қалыптастыруға және жастарды кәсіподақты дамыту үрдісіне қатыстыруға елеулі назар аудару қажеттілігі туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын қатысушылар әр жас адамды кәсіподақ құрамына тарту және өткенді бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын кәсіподақ көшбасшыларының жас буының қалыптастыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі деген оймен тұжырымдады.