Кәсіподақтар өзара тәжірибе алмасуда

Бүгін Ақтөбе және Атырау облыстары арасында өңіраралық өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мақсатында Атырау делегациясы Ақтөбеге келді.

Атырау делегациясының Ақтөбедегі жұмыс сапары елімізде алғаш рет ашылған «Анаға тағзым» – рухани тәрбие орталығынан басталды. Орталықтың басты міндеті – әйелдің отбасындағы рөлін арттырып, болашақ аналарға қазақ халқының салт-дәстүріне негізделген тәрбие беру.

Рухани тәрбие орталығынан соң Атырау делегациясына Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының конференц-залында кездесу ұйымдастырылып, жиналысқа Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев, Атырау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы І.Баймұханов, облыстың ірі кәсіпорындар басшылығы мен облыстық кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен өтті.

«Біздің қарым-қатынастармыздың дамуы, жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктерінің алмасуы, қарастырылып отырған мәселелерді шешуде біртұтас тәсілге қол жеткізуге болатындығын көрсетеді» – деп атап өтті А.Әмірғалиев.

Өз кезегінде Атырау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы І.Баймұханов өз өңіріндегі нәтижелермен бөлісе отырып, басқа облыстармен салыстырғанда Атырау облысында 3 және 4 санаттағы шетелдік жұмыс күшін тарту тәжірибиесі жоқ екендігін жеткізді.

Ол, сонымен қатар жиналысқа қатысушыларға жаңадан құрылған Қазақстандық индустриалдық салалық кәсіподақпен таныстырды. Оның айтуынша, бұл салалық кәсіподақ – кәсіподақтардың жаңа бренді, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді және жемісті ынтымақтастықтың жаңа көрінісі.

Өңірлік өзара іс-қимыл аясындағы өткен кездесуді қорытындылай келе, мұндай ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу нысандары неғұрлым тиімді болып табылады және қызметкерлердің еңбек қатынастарындағы құқықтарын жақсы қорғауды қамтамасыз етуіне сенімдіміз.