Кәсіподақтар мен әлеуметтік әріптестер еңбекті қорғауды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайды

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында 2019 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ержан Егембердиев «Қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету» тақырыбында өтетін кусталық семинарға қатысады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл шараның басты мақсаты – мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін еңбеккерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, өндірістік жарақаттанушылықты азайту мәселелерін шешуге біріктіру.

Семинардың диалог алаңында әлеуметтік әріптестермен Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ еңбек заңнамасын реформалау бойынша Кәсіподақтар федерациясының нақты ұсыныстарын жеткізу жоспарлануда.

Өндірісте төтенше жағдайлардың алдын-алу, өндірістік кеңестердің құқықтық мәртебесін арттыру, сонымен қатар өнеркәсіпке еңбекті қорғауды басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелеріне жіті назар аударылады.

Семинар барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары республикамыздың кәсіпорындарындағы қоғамдық бақылау мәселесін жан-жақты қамтиды.