ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

26 кыркүйек күні «Еңбек күні» мерекесіне орай облыстағы әлеуметтік әріптестердің ұйымдастыруымен «Еңбекке жастан – өнеге бастан!» тақырыбында облыстық конференция өтті.

Тараз мемлекеттік университетінің үлкен мәжіліс залында өткен конференцияға Қазақстанның Еңбек Ері Сауранбай Дөненбаев, Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Е. Манжуов аймақтағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, аудандық үшжақты комиссия төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Биылғы жылы осы мерекені атап өту жаңа, еркін форматта жоғарғы оқу орнының «Жастар сарайы» залында өткізілді.

Жиынды арнайы ашқан облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б. Нарбаев еңбек қатынастары мәдениетін дамыту, еңбек шарттын жасаудың өзектілігі, еңбек қауіпсіздігі мәселелері бағатында баяндама жасады. Конференцияда Қазақстанның Еңбек Ері Сауранбай Дөненбаев бүгінді жастарды жас кезден еңбекке баулу, көптеген жетістікке адал еңбекпен жету мәселесі жөнінде айтып, өзінің қол жеткізген жетістіктерімен ой бөлісті. Өз кезегінде, Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген еңбек құндылықтарын қорғап және кәсіподақ ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары жайлы әңгімелеп берді. Лайықты еңбек шарттарын жасау, еңбек адамдарына құрмет көрсету және еңбек пен ұжымдық шарттың жұмыскерлерге тиімді тұстарын атап өтті.

Конференцияға қатысқан 400 – ден астам оқытушы-профессорлар мен студент жастар, облыстың бірқатар кәсіпорындарының жас мамандары өздерінің сұрақтарын қойып, конференция мазмұнды болғанын айтты.