Қызылордада Еңбек күніне арналған Еңбек мерекесі өтті.
Еңбек адамдарын танымал етуді, дәрежесін көтеруді, ең үздік отбасылық және өндірістік дәстүрлерді мәртебелеуді, жастарды кәсіби еңбекке баулуды мақсат еткен облыстық Еңбек Жолы Форумы бүгін 27 қыркүйекте Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында «Ата кәсіп-алтын мұра» атты салтанатты жиынымен қорытындыланды.
Салтанатты шарада облыс әкімі Қ.Ысқақов еңбекшілерді еңбек мерекесімен құттықтап, түрлі салада кәсібін ұрпақтармен сабақтастыра жалғаған отбасылар мен мамандығын мәртебе тұтқан үздік мамандарды марапаттады.
Құрметке ие болған еңбек әулеттері қатарында облыстық кәсіподақтардың «Еңбек жолы» байқауының «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша жеңімпазы Арал қалалық №14 мектеп-лицейінің мұғалімі Жанна Кунарова және «Үздік жас маман» номинациясы бойынша жеңімпаз Қызылорда қалалық №6 емхананың дәрігері Гүлжан Абсатова марапатталып, мерейлері асты.