ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Қызылордада Еңбек күніне арналған Еңбек мерекесі өтті. ​

Еңбек адамдарын танымал етуді, дәрежесін көтеруді, ең үздік отбасылық және өндірістік дәстүрлерді мәртебелеуді, жастарды кәсіби еңбекке баулуды мақсат ​ еткен облыстық Еңбек Жолы Форумы бүгін 27 қыркүйекте Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында «Ата кәсіп-алтын мұра» атты салтанатты жиынымен қорытындыланды.

​ Салтанатты шарада облыс әкімі Қ.Ысқақов еңбекшілерді еңбек мерекесімен құттықтап, түрлі салада кәсібін ұрпақтармен сабақтастыра жалғаған отбасылар мен мамандығын мәртебе тұтқан үздік мамандарды марапаттады. ​

Құрметке ие болған еңбек әулеттері қатарында облыстық кәсіподақтардың «Еңбек жолы» байқауының «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша жеңімпазы Арал қалалық №14 мектеп-лицейінің мұғалімі​ Жанна Кунарова және «Үздік жас маман» номинациясы бойынша жеңімпаз Қызылорда қалалық №6 емхананың дәрігері ​ Гүлжан Абсатова марапатталып, мерейлері ​ асты.