Ардагерлерге құрмет көрсетілді

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбек күні», «Халықаралық қарттар күні», «Мұғалімдер күні» және «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекелерінің қарсаңында Шымкент қаласының Орталық саябағында аға буынды ардагерлердің «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен кездесуі және қарттар мен жастар арасындағы шахматтан турнир өткізіліп, оған 60-қа жуық ардагерлер және жастар қатысты.

Жиынды Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы Әуесханов ашып, ардагерлерге:

«Құрметті ардагерлер!
Сіздердің өткен еңбек жолдарыңыз – жастарымыз үшін үлгі өнеге.
Сонымен қатар бүгінгі уақытта еңбекке қатысты «Тұрақты кәсіпорын болса, тұрақты қоғам мен тұрақты ел болатынымызды» жастарымыздың санасында қалыптастыруымыз керек.
Бұл мақсатқа жету жолында ел үшін, туған жер үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.
Осы орайда бүгін қатарымызда тұрған ардагер ағаларымыз бен апаларымыз соның үлгісі.
Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, қарттарым есен сау жүрші дей отырып, Сіздерді «Халықаралық қарттар күні» және «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің кәсіподақтағы өмірлік тәжірибелереңіздің, ақыл-кеңесіңізтеріңіздің және тәлім-тағылымдарыңыздың ұрпақ үшін орны бөлек!
Түркістан облысының және Шымкент қаласының өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз әрдайым ел есінде.
Бүгінде қажырлы еңбектің зейнетін көріп, отырған шақта да, Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытып, оларды патриоттық рухта және адамгершілік қасиетке тәрбиелеуде белсенділік танытып келесіздер.
Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларңызға амандық тілеймін.» – деген құттықтау сөзін сөйлеп, жиынға қатысушы ардагерлерге кәсіподақ орталығының мерекелік құттықтау қағазын және естелік сыйлықтарын тапсырды.

Іс-шара әрі қарай қарттар мен жастар арасындағы шахмат турниріне ұласты.

Турнир қорытындысы бойынша ардагерлер командасы жеңіс тұғырынан көрініп, оның құрамындағы ардагер ағалар: Төретаев Тұрлан, Оспанханов Талғат, Сапаров Әмірбек, Ли Гай Александр, Ни Олег Сергеевич, Ескендіров Мейірхан жеңімпаз атанды.

Шахмат турнирінің жеңімпаздарын Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов дипломдармен марапаттап, оларға арнайы алынған сыйлықтарын табыс етті.

Іс-шараға қатысқан қарттар, аға буынды ардагерлер рахметін айтып, мәз-мейрам болып тарасты.