ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановтың Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Қадірлі достар!

Қыркүйек айының соңғы күндері еліміз үшін елеулі мерекелерге толы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен «Еңбек күні» мерекесі – қыркүйек айының соңғы жексенбісі болып бекітілді.

Сондай-ақ, алдымызда Атом саласы қызметкерлерінің күні мен Машина жасау саласының қызметкерлері күні бар.

Халқымызда «Еңбек еткен – мұратқа жеткен» деген тамаша бір сөз бар. Әлемде орын алып жатқан өзгерістердің барлығы адамның еңбегімен жасалатыны анық. Мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен жемісті дамуының негізгі тетігі – Еңбек адамының ерен еңбегі екендігі сөзсіз.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды». Шынымен, мемлекет атты алып механизмде маңызды шешімдер мен қажетті жұмыстардың барлығы халықтың ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның табысты мемлекетке айналуы Еңбек адамының əр саладағы қарқынды, тұрақты жұмыс атқаруына тікелей байланысты.

Бүгінде атом саласы экономикамыздың дамуының басты стратегиялық бағыты болып табылады. Ал машина жасау кез келген индустриялық дамыған мемлекеттің экономикасының маңызды саласы ретінде ғылыми-техни-калық прогрестің деңгейі мен қоғамның дамуын анықтайды.

Баршаңызды мерейлі мерекелермен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге жəне отбасыларыңызға зор денсаулық, толағай табыс пен еңбек жолдарыңызда сәттілік тілеймін!

 

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясы

төрағасы                                                                                     Е.Тоғжанов