Үлкенге – құрмет

26 қыркүйек күні “Сенім” денсаулық сақтау саласыны кәсіподағының Нұр – Сұлтан қаласы филиалының төрағасы Қитаров Б.А. “Қарттар күніне” орайластырып денсаулық сақтау саласында еңбек еткен қарт кісілердің көңілдерін аулап 12 қарттың шаңырақтарына құттықтап кіріп шықты.

Филиал төрағасы әр қартқа 20 мың теңге ақшалай жәрдем ақы және азық – түлік себетін табыстады.