Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының маңыздылығы талқыланған Форум

1 қазанда Қызылорда облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының «Кәсіподақтар – тұрақтылықтың тірегі» атты Форумы өтті. Форум 10 қазан – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күніне және саланың кәсіподақ мүшелері Ұстаздар қауымының төл мерекесіне арналды. Мерекелік форумға құрметті қонақтар, облыстағы ​ білім қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары, кәсіподақ белсенділері, кәсіподақтың жастар кеңесі мүшелері қатысты.

Жиынды форум модераторы Қызылорда облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ​ төрайымы Райкүл Байназарова ашып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқығын​ қорғаудағы ролін ​ атап өтті.

Қызылорда облысы аумақтық кәсподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов форум қатысушыларын ҚР Үкіметі қаулысымен 2019 жылғы 22 мамырда бекітілген 10 қазан –Кәсіподақтар күнімен және мүғалімдердің кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде С.Сермағамбетов қоғамның барлық мүшесіне айқын бағдар беретін мұғалімнің қадір-қасиетін арттырудағы өзекті мәселелерді шешуде әлеуметтік әріптестермен кәсіподақтардың бірлесе аянбай еңбек етуге мүдделі екендігін жеткізді. ​ ​

М.Ықсанов атындағы колледжде және Қызылорда қалалық №198 орта мектебінде секциялық жұмыстардан бастау алған Форум жұмысы негізгі бөлімде әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі, жастар мәселесі тақырыптарындағы талқылаулармен жалғасты.

Форум барысында кәсіподақтар қатарына жаңадан мүшелікке кірген ұстаздарға Кәсіподақ билетін беру рәсімі жүргізіліп, салада көптеген жылдар бойы кәсіподақ жүйесіне қызмет жасаған кәсіподақ белсенділері аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, салалық кәсіподақ ұйымының мерекелік марапаттарымен ​ марапатталды.