БАҚ-пен байланыс орнатылды

02 қазан күні Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Оразқызы мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Махамбет Кәкімұлы Кәсіподақтар күні қарсаңында «Aqjayiq» телеарнасындағы «Время вашего вопроса» бағдарламасында болып, облыстағы кәсіподақтардың атқарып отырған қызметі жайында баяндап, кәсіподақтардың алдағы уақытқа жоспарлаған шараларымен бөлісіп, кәсіподақ қозғалысының бүгіні мен ертең туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында көрермендер қойған сауалдарға жауап беріп, барлық кәсіподақ мүшелерін төл мерекелерімен құттықтады.