ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.МЫРЗАХМЕТОВ КӘСІПОДАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

9 қазан күні Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов  Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті.

Облыс әкімі кәсіподақтардың аймақта атқарып отырған жүмыстарын айта келе, қазіргі уақытта кәсіподақтардың қызметінің маңызды екеніне тоқталды.

Кездесуде Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып, еңбек заңнамаларын сақтау, еңбек адамын қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық шарттардың орындалуына байланысты өзекті мәселелерді қозғады.

Казақстан Кәсіподақтар Федерациясының басшылығымен  қолға алынған игі істердің нәтижесі мен тиімділігін аттыру бағытындағы нақта қадамдарды айтып өтті. Үшжақты комиссияның жұмысын жандандыруға байланысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Облыстағы салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері еңбек адамдарының мүддесін қорғау жолындағы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Әлеуметтік саладағы басқармалардың басшылары да кәсіподақтармен бірге атқарып келе жатқан оңды жұмыстары туралы атап өтті.

Еркін пікір алысудың қорытындысында облыс әкімдігі мен облыстық кәсіподақтар бірлестігі еңбек заңнамаларының орындалуы мен қадағалауын жүйелі жүргізу және кәсіподақ ұйымдарының барлық еңбек ұйымдарында құрылып, жұмыс істеуіне ықпал ету үшін бірлескен іс-шара жоспарын жасауға келісті. Бұл ортақ мәселеге Үшжақта комиссия мен Еңбек инспекциясы тікелей қатысып, іс-жоспарда көрсетілген әрбір мәселенің орындалуын заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде қарастырып, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру көзделетін  болады. Бұл жаңа бастама бойынша жұмыс тобы құрылады.

Кездесуде облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар кәсіподақ жетекшілерін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапаттады.  Кездесу өзара ықпалдастық және ынтымақтастық деңгейде өтті.