Ақтөбеде Еңбек адамдары ұлықталды

Биыл, тұңғыш рет, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтар күні болып ресми түрде белгіленді.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының ұйымдастыруымен үлкен деңгейде салтанатты шара өтіп, оның қонағы ретінде облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов, еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы С.Аманбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы С.Шынтасова, бұқаралық ақпараттар құралдары, түрлі салалардағы еңбек ұжымдарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, кәсіподақ ардагерлерімен 200 ден аса еңбек адамдары қатысты.

Салтанатты шараға катысқан қонақтар өз құттықтау сөдерін айтып, қарапайым еңбек адамдарымен кәсіподақ ардагерлері түрлі марапаттармен ұлықталды.

Шараға келген еңбеккерлер өздерінің алғыстарын білдіріп, оның ішінде «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС-тің Кандыағаш өндірістік-жөндеу базасының слесарі К.Қабақпаев, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Қазхром ТҰҚ» АҚ филиалының цехының инженері Т.Беркова өздері сияқты қарапайым жұмышыларға әрдайым құрмет көрсетілетіндігін атап өтіп, жеке ризашылықтарын білдірді.

Нәтижесінде, 100-ден еңбек адамдары, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері және әлеуметтік серіктестер медальдар мен белгілермен, дипломдар мен алғыс хаттар сияқты түрлі наградалармен марапатталды.

Іс-шара соңында ынтымақтың біріге түсуіне зор үлес қосып жүрге еңбек ардагерлеріне құрмет дастарханы жайылды, олардың тәжірибесі мен кәсіпке деген көзқарасы болашақ ұрпақ үшін үлгі болып қала бермек.