БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ!

2019 жылғы 10 қыркүйекте Алматы облысы Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында «Біздің күшіміз – бірлікте» тақырыбында Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні мерекесі өтті.

Кәсіби күнді мерекелеу қарсаңында өңірде іс-шаралар жасалып, онкүндік жарияланды. Бірінші қыркүйек күнінен бастап, түрлі акциялар, еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесулер, ашық есік күндері, семинарлар, спорттық жарыстар өтуде.

Іс-шараға қатысуға Алматы облысының аудандары мен қалаларының салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды.

Осы атаулы күнге орай кәсіподақ қозғалысының белсенділері ҚР Президентінің алғыс хаттарымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясыныңтөс белгілерімен, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.