Екіжақты әріптестік нығаюда

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жұмыс сапары барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Түркістан облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат аясында ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев әлеуметтік әріптестік деңгейін дамыту және жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын тиімді қорғау бойынша өзара үйлесім тапқан көзқарастарын жеткізді.

Кездесу барысында Өмірзақ Шүкеев кәсіподақтардың еңбек нарығында жұмысшылардың әл-ауқатын жақсартудағы маңызды рөлін атап өтті.

Өз кезегінде ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамыту үшін әлеуметтік әріптестікті нығайту маңызды екенін айтты.

Әріптестік аясында аймақ халқының әлеуетін жақсарту үшін тиімді шаралар мен жаңа тәсілдерді бірлесіп әзірлеу және енгізу көзделеді.

Анықтама үшін: аймақта 1 656 кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді, олардың құрамына 132 592 кәсіподақ мүшесі кіреді. Кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны – 239 600 жұмысшылар жұмыс істейтін 6 969 кәсіпорынның 24%-ын құрайды.