ERNUR.KZ:”Арыс қаласының бас қақпасы салтанатты түрде ашылды”

ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының бас қақпасы салтанатты түрде ашылды 

Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын қаржыландырған – ҚР Кәсіподақтар Федерациясы. Арыс қаласының кіреберіс қақпасы – шаһардың тағы бір сәулетті туындысына айналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Аталған ашылу салтанатына ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, тұрғындарға құттықтау тілектерін білдірді. «Өңіріміздегі сәулеттік жобалардың ұлттық нақышта болғаны құба – құп. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аумақты айшықтайтын көріністер жаңа жобаларда көрініс тапқанына назар аудару өте маңызды. Маусымдағы қайғылы оқиғадан кейін қолға алынған Арыс қаласын жақсылыққа бастайтын берекелі қақпа болады деп сенемін», – дейді аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы өз сөзінде. Сонымен қатар, Түркістан облысының басшысы өз кезегінде Арыс қаласының көркейіп, гүлденуіне бір кісідей жұмыла кіріскен, қақпаның құрылысын қолдап, көмек берген ҚР Кәсіподақтар Федерациясы басшылығына алғысын білдірді. Сондай-ақ, салтанатты жиынға «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы мен ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары қатысып, ашылған қақпадан алғашқы болып облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы бастаған топ жаяу жүріп өтті.

Ескерту!
порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

 

http://ernur.kz/turkistan-oblysy/turkistan-arys-kalasynyn-bas-kakpasy-saltanatty-turde-ashyldy