ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ АРТУДА

Қарағанды облысындағы жұмыс сапарында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Қарағанды облысы кәсіподақтар Орталығы жанындағы татуласу Орталығының жұмысымен танысты.

Ералы Тоғжанов татуласу Орталығының тәжірибелік жұмысына ерекше мән бере отырып,татуласу Орталығы мен кәсіподақтар ұйымдарының өзара бірлесе жұмыс жасау мәселесіне тоқталып, әлеуметтік дау-дамайларға қатысты түйінді мәселелердің маңыздылығына және аталған мәселелерді шегудегі татуласу Орталығы қызметінің басымдылығына ерекше тоқталып өтті.

Орталықтың басты мақсаты-тұрғындардың еңбек және басқа да дау-дамайларды татуласу рәсімдері арқылы шешуге қатысты мүмкіндіктерін арттыру.

Бүгінгі таңда аталған Орталықта 10 кәсіби медиатор, 2 психолог, 1 еңбек мәселесі жөніндегі маман жұмыс жасайды.

Орталық ашылған кезден бастап 159 өтініш түскен, оның ішінде отбасы мәселесіне қатысты даулар-лг48, тұрғын үй мәселесі-18, еңбек даулары-51, экономикалық мәселелер- 9, қылмыстық істер бойынша-16, банк және басқа да сұрақтар-10, жұмыспен қамтуға қатысты-1, Орталықтың жұмысы және медиаторлардың жұмысына қатысты- 38, құқықтық кеңестер-44, 121медиативтік келісім жасалып,142 татуласуға қол жеткізілген.

Орталық Қарағанды облыстық сотының татуластырушы- судьяларымен, облыс соттарының фронт-кеңселерімен, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «Татуласу Орталығымен», «Қарағанды облысының әділет басқармасы» ММ, «Международный институт медиации» ҚБ, «Әділет»ЖМ, « Татуласу» ҚБ, Қарағанды облысы әкімі аппаратының
« Қоғамдық келісім» ММ медиация кабинетімен, « Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімімен, халықаралық дәрежедегі тренер- медиаторлармен тығыз байланыста, Қарағанды облыстық сотымен және Қарағанды гарнизонының әскери сотымен, «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, Қарағанды облысы әкімі аппаратының
« Қоғамдық келісім» КММ, «Золотая середина» ҚБ, « Карагандинский завод металлоизделий» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.

Өз кезегінде, татуласу Орталығы облыстың аудандық әкімдіктерінің тізілімдемесінде тұрған қоғамдық медиаторлармен белсенді араласып, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіп тұрады.

Татуласу Орталықтары Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының барлық 17 кәсіподақ Орталығында қызмет көрсетіп отыр.