ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ!

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов “Сарыарқа” ардагерлерімен кездесті. “Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы” РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Оралды Төрегожин еліміздегі кәсіподақтар басшысын ардагерлер ұйымының жұмысымен таныстырды, алдағы жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойына дайындық барысы туралы айтты.

Облыстық ұйымның есебінде 85 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен 9500 соғыс жылдарында тылда еңбек еткендер тұр. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен Қарағанды облысының кәсіподақ қозғалысының 17 ардагері Халықаралық қарттар күніне орай материалдық сыйақы алды.