ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгін Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы ауылында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесті.

Кездесуде М.Төлепберген ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында көрсетілген негізгі мәселелерге, соның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша өзекті жәйттарды айтып берді. Сол сияқты лайықты еңбекпен қамтамасыз ету, еңбек қатынастарындағы құқықтық мәдениетті арттыру және кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарындағы маңызды аспектілер де әңгіме болды. Ұлттық құндылықтың негізі адал еңбекті бағалау, лайықты еңбек ақымен қамтамасыз ету және адамдардың бір-бірін құрметтеумен маңызды екені баса көрсетілді.

Еркін пікір алысу кезінде еңбек адамдарының, жұртшылық өкілдерінің арыз-шағымдарына, өтініш-тілектеріне дер кезінде назар аудару, уақтылы шешуіне ықпал етуге қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы, жер-жерде кәсіподақтардың қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру да сөз болды.