Әлеуметтік әріптестік аясында аймақтық Форум өтті

2019 жылдың 19-20 қазан күндері Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік серіктестікті дамыту: аймақтық даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық Форум өткізілді.

Форумға «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жақыпов Мирболат, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының кәсіподақ жетекшілері, облыстардағы әдеп жөніндегі өкілдері, әлеуметтік әріптестер, БАҚ өкілдері, және кәсіподақ белсенділері қатынасты.

Жиында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен «Мемлекеттік қызметшілердің қарым қатынас дағдылары» тақырыбында лекция оқылса, кәсіподақ жетекшілерімен еңбек адамын қорғау мәселелері көтерілді.