Қызылорда облысында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

21 қазанда Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. ​

Кеңес отырысының күн тәртібінде «Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын қабылдауды ұсыну жұмыстары, ҚРКФ оқу орталығымен бірлесе семинар-оқытулар ұйымдастыру және басылымдарға жазылу науқаны туралы мәселелер талқыланды.

Талқыланған сұрақтар бойынша кеңес мүшелерімен ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, алда атқарылатын жұмыстар барысы нақтыланды.