ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов Теміржолшылар мен көлік құрылысы кәсіподағының Халықаралық конфедерациясының Бас Хатшысы Геннадий Косолаповпен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов Теміржолшылар мен көлік құрылысы кәсіподағының Халықаралық конфедерациясының Бас Хатшысы Генадий Косолаповпен (ТККХК, Мәскеу) кездесті. ҚРКФ Төрағасы шетелдік әріптесіне еліміздегі кәсіподақ қозғалысының қызметі туралы, ҚРКФ жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартып, өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған жұмыстарды атқарып отырған ірі қоғамдық бірлестік екендігіне тоқталды.

Кездесу барысында Ералы Тоғжанов кәсіподақ қызметіндегі xалықаралық ынтымақтастықтың маңызды орын алатындығын, Федерация өкілдері кәсіподақ қызметіне қатысты ұйымдастырылған халықаралық іс-шараларға белсенді қатысатындығын жеткізді. Федерацияның өзінде де xалықаралық әріптестермен кездесулер ұйымдастырылып, 16 елдің ұлттық кәсіподақ ұйымдарымен ынтымақтастық келісімі бекітілген.

Сонымен қатар Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы жақында Қарағанды облысындағы жұмыс сапары барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен кездесіп, жұмысшылардың құқығын қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді бірлесе шешуге келіскендіктері туралы да айтып өтті. Алдағы уақытты мұндай жұмыстар еліміздегі басқа да ірі компаниялар мен кәсіпорындарда жүргізілетін болады.

Теміржолшылар мен көлік құрылысы кәсіподағының Халықаралық конфедерациясының Бас Хатшысы Геннадий Косолапов өз тарапынан ҚРКФ жұмысшылардың мүдделері мен құқығын қорғаудағы атқарып отырған жұмыстарын жоғары бағалап, Қазақстан Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы, ТККХК мүшесі Оразғали Ахметбаев бастаған қазақстандық әріптестерімен тығыз байланыста екендіктерін атап өтті.

Федерация Төрағасы Ералы Тоғжанов Теміржолшылар мен көлік құрылысы кәсіподағының Халықаралық конфедерациясының Бас Хатшысы Геннадий Косолаповқа еңбек адамы үшін жасалып жатқан жауапты істе табыс пен теміржолшылардың еңбек құқығы мен мүдделерін қорғауда жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар теміржолшылар кәсіподағы мүддесін қорғауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды дайындау, іске асыру және ақпаратпен алмасуға уағдаласты. Сонымен қатар, Теміржолшылар Кәсіподағының Халықаралық Конфедерациясы жобалары мен бағдарламаларына қатысуға, теміржолшылардың білімі мен біліктілігін арттыратын тренинг, семинар, конференцияларды бірлесіп ұйымдастыратын болып келісті.

Теміржолшылар мен көлік құрылысы кәсіподағының Халықаралық конфедерациясы (ТККХК, Мәскеу) туралы анықтамалық ақпарат 1992 жылы Қазақстан, Армения, Белоруссия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің салалық кәсіподақтарының басшылары Теміржолшылар мен көлік құрылысы кәсіподағының Халықаралық конфедерациясын құру туралы Декларацияны бекіткен болатын. Кейін Конфедерация құрамына Әзірбайжан, Қырғызстан, Эстония, Тәжікстан, Грузия, Латвия, Украина және Литва елдерінің салалық кәсіпорындары енді. Конфедерацияның жоғарғы органы – Конгресс. Конгресстер аралығындағы жұмыс Кеңеске жүктеледі. Ол мүшелік ұйымдардың басшыларынан жасақталады. Олардың әрқайсысының дауысы әрі бас xатшысы бар. Қазір Конфедерацияны Николай Никифоров басқарады. Ол Ресейдің теміржолшылар мен көлік құрылысы кәсіподағының басшысы. Конфедерацияның бас xатшысы Геннадий Косолапов. Кеңеске Қазақстан атынан Оразғали Аxметбаев мүшелік етеді.

Конфедерация 1996 жылы Достастыққа мүше елдердің теміржол көлігі Кеңесінде тұрақты бақылаушы мәртебесіне ие болды. Аталған кеңес достастыққа кіретін елдердің аумағындағы теміржол жұмысын үйлестірумен айналысады. Кездесуде Оразғали Ахметбаев Конфедерация арқасында халықаралық байланыстар нығайтылып, бірлескен семинарлар ұйымдастырылғандығына тоқталды.