Кәсіподақ – сенімді күш

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ – сенімді күш» атты тақырыпта Жоламан орта мектебінде кездесу өтті.

Жиын барысында мектеп директоры Азамат Жанаберлиев сөз алып, еңбек ұжымында 76 адам жұмыс істейтінін жеткізіп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы оқу жылы қарсаңында барлық қызметкерлерді қауіпсіздік шараларымен таныстырғанын жеткізіп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Райхан Даркенбаеваның қолдауымен демалысқа шыққан кіші қызметкерлердің еңбекақысынан туындаған мәселені уақытында шешкендігін айтып, кәсіподақ мүшелері ұйымшылдықта жұмыс істегенін жеткізді.

Шарада Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Дуанаев Мемлекет басшысының Жолдауын көпшілікке таныстырып, аталған бастамадан туындаған мақсаттар мен міндеттерді айтып, қоғамдық бірлестіктің облыс және аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, ауқымды шаралар ұйымдастырылғанын айтып, жақында білім саласы қызметкерлерінің арасында спартакиада өтетінін хабарлады. Спорттық жарысқа дайындық жұмыстарын жасап жатқанында тілге тиек етті.

Сонымен қатар, жиында кәсіподақ жұмысын жандандыру атсалысқаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Толқын Айтоваға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасын табыс етті.

Жиын соңында кәсіподақ өкілі ұжым арасында туындаған өтініштері мен арыз-шағымдарды тыңдап, заң аясында шешу жолдарын ұсынды.