Ағымдағы жылдың қазан айының 23 жұлдызында Алматы қаласы «Алатау Жарық» АҚ Компаниясы кәсіподақ мүшелері жастар арасында «Келешек» жастар кеңесі қатысуымен «TOP Brain» интелектуалдық ойыны өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшы жастардың басын қосып, бір іске жұмылдыру, еңбекке қабылеттілік пен мотивацияны арттыру. Интелектуалды ойын 3 кезеңнен құралып, әр командалар өз жауаптарын қағазға жазу арқылы, ойын соңында үздік командалар жеңіске жетіп, алғыс хат, дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Ойын қызықты, әрі тартысты өтті. Әділ қазылардың шешімі бойынша қорытындылай келе I орын «Комета», II орын «5 регион» және III орын «Navi» деп аталатын жастардан құралған топ иеленіп, қатысушы жастар арасында үздік ойын көрсетіп, белсенділік танытқан жастар арнайы марапаттарға ие болды.

Ойын соңында Кәсіподақ жұмысшы жастар өзара білімдерімен бөлісіп, жұмыстағы шешімі табылу керек мәселелерді көтерді. «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» деген ұстанымды ту етіп, қатысушылар ойыннан жақсы көңіл-күй алып, олардың жұмысқа деген қызығушлықтары артты десек артық айтқанымыз емес.