Кәсіподақтар еңбек ұжымдарына азық-түлікпен қолдау көрсетуді бастады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы осындағы бірқатар ұйымдар мен кәсіпорындарына жеңілдетілген бағамен азық-түлік жеткізіп берді. Еңбек ұжымдарының өтініштері бойынша, Абай ауданының “Шығыс” шаруа қожалығының алқаптарындағы картоптың жаңа өнімінен бағасы 50 теңгеден барлығы 5 тонна картоп сатып алынды.

Қолдау бұл жолы “YNTYMAQ” Қазақстандық салалық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің кәсіптік одағының “Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі” ЖМ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне көрсетілді.