ЖЕЗҚАЗҒАН ӨҢІРІНДЕ “SENIM” ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ

“Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы “SENIM” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының өкілдері Жезқазған және Сәтбаев қалалары, Жәйрем кенті мен Ұлытау ауылына жұмыс сапары барысында медициналық ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, кәсіподақ мүшелеріне атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Медицина мекемелерінің қызметкерлері “SENIM” салалық кәсіподағының, Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының грамоталарымен марапатталды. “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша келген Ұлытау ауданы Орталық аудандық ауруханасының педиатр дәрігері Маржан Досымханова 500 мың теңгеге көтерме сертификатына, Жезқазған қаласы Балалар үйінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Анара Қажмағанбетова 250 мың теңгеге қайырымдылық сертификатына ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!