«Кәсіподақ – тіл жанашыры»

«Жастар жылы» аясында Ақтөбе қаласында алғаш рет өзге ұлт жастары арасында «Қазақ елі – құтты мекенім!» атты байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – Ақтөбе облысының жергілікті ұлт өкілдері емес жастары арасындағы мемлекеттік тілге деген патриоттық көқарасты жандандырып, жастардың мүдделерін қорғау, белсенді жастардың арасында өзара іс-қимылды нығайту.

Байқауға орыс, татар, украин, әзірбайжан, болгар сияқты барлығы 13 ұлт өкілдерінен тұратын 30 жасқа дейінгі оқушы, студент, жұмысшы жастар қатысты. Қатысушылар 3 кезең бойынша сайысқа түсті, олар «Өзін таныстыру», «Ақтөбе өңірінің ұлы тұлғалары. Қазақтың салт-дәстүрлері», «Өнер көрсету». Қатысушылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетіп,   көрермендерді үлкен әсерге бөледі.

Сайыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлер алғыс хаттармен марапатталып,  ақшалай жүлделер табыс етілді. Барлық жүлдегерлер “Келешек” Жастар кеңесіне салтанатты түрде қабылданып,  Кеңестің төрағасы Д.У.Жылмағанбетов жас мүшелерді тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырды.