Кім боламын?

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдері Қызылорда қаласындағы Назарбаев мектебінде өткен Ашық есік күніне қатысты.

Ашық есік күнінде 8 сыныпта «Кім боламын?» тақырыбында оқу сағаты өтіп, мамандықтар туралы оқушылармен ақпараттық жұмыс жүргізілді.

Оқушылар топтық жұмыстарда ​ қызықты, жоғары бағаланатын мамандықтар туралы білімдері мен ойларын ортаға салды.

Кәсіподақтар тарапынан қазіргі таңдағы қажетті мамандықтар, еңбек нарығының сұранысы туралы ақпараттар берілді.

Жалпы, айта кету керек, ​ облыстық аумақтық кәсіподақтар берлестігі тарапынан мектеп оқушылары арасында мамандықты дұрыс таңдауға ықпалдасу, қажетті мамандықтарды алуға бағыттау, еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыру бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын тұрақты жумыс жасауда