Мangystaumedia.kz: “Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді”

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жұмыс сапары аясында Е. Тоғжанов Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Сондай-ақ мұражайды салуға атсалысқан қызметкерлерді марапаттады. «Әбіш аға өзі еңбекқор еді және өз шығармаларын да еңбек адамына арнап жазатын. Бүгін міне сондай еңбекқор адамдардың арқасында Кекілбаев мүсінге айналып, еңбектің арқасында Әбіш ағаға арналған зәулім мұражай ашылып, зерттеулер жасалып, кітаптар шығарылып, театрда Әбіш жазушының шығармалары сахналанып жатыр. Осының бәрі абыз тұлғаны мәңгілік етуге арналған  игілікті істер, адам қолымен, адам ниетімен атқарылып жатқан еңбек»,— деді  ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов.

https://mangystaumedia.kz/11/87400/