Еңбек құндылықтарын асқақтату – елдік мәселе

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев облыстық драма театрда зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің қатысуымен алқалы кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік салаларда атқарылатын іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Жиында Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген де сөз сөйлеп, жалпы Еңбек қоғамын қалыптастыруда әлеуметтік әділеттілікті тиянақтай түсу, еңбек құндылықтарын асқақтату және еңбек адамының мәрбетесін арттыру, сондай-ақ қоғамда еңбек және рухани ой-сана мәдениетін жаңа заманға сәйкес орнықтыру жөнінде өз ойын ортаға салды.

Кездесуде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б. Сапарбаев көпшіліктің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.