Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қозғалды

Қарағанды облысы Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пилоттық жобасын сынақтан өткізу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар, Жезқазған және Сәтбаев қалалары тұрғындарының әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан оқушыларға көмек бөлу жөніндегі өтініштері, Қазақстан мен Ресейдің Омбы қаласындағы XV| аймақаралық ынтымақтастық форумы жұмысының қорытындылары туралы мәселелерді қарастырды.