2019 жылғы 18 қарашада Қызылорда қалалық сотында «Еңбек пен сақтандыру дауларының алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Осы шараға облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалы өкілдері, қалалық сот судьялары қатысты. Дөңгелек үстел жұмысын Қызылорда қалалық сотының төрағасы М.Еркінбеков ашып, қалалық сот судьясы Ж.Дербисалиева еңбек даулары мен сақтандыру дауларының соттарда қаралуы туралы ақпаратпен бөлісті.
Жеке еңбек дауларын сотқа дейін Келісу комиссияларымен шешу мәселесі талқыланып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан Келісу комиссияларының жұмысын жетілдіру, оның жұмысы барысындағы кәсіподақтардың ролін арттыру бойынша ұсыныстары білдірілді.